Қариялар өз еркімен түрмеге түсіп жатыр
Қариялар өз еркімен түрмеге түсіп жатыр
7 жыл бұрын 2934 24.kz

Оңтүстік Корея түрмелерінде ел тарихында алғаш рет қарттар саны артып отыр. Елдің Әділет министрлігі таратқан мәлімет бойынша, қазір қапаста қамалып отырғандардың 10%-дан астамын қариялар құрайды. Тіпті, олар түрмеге түсу үшін қылмысты қасақана жасайды екен. 

Себебі, еңбекпен түзеу мекемесі басында жайлы баспанасы жоқ тақыр кедей зейнеткерлердің бас сауғалап, күнелтетін бірден бір орнына айналған. Кесімді жазасын өтеп шыққаннан кейін де шау тартқандар түрмеге қайта түседі. Темір торға тоғытылған оларға қағаз пакеттер мен конверттерді желімдеу сияқты жеңіл-желпі жұмыстар жүктеледі. Есесіне, қариялар жылына 2 рет тегін дәрігерлік тексерістен өтеді. Оңтүстік Корея үкіметі қазір қарттарға арнап, жеке түрме жабдықтауды жоспарлап отыр. Жалпы, бұл елде зейнетақы мөлшері 300 доллардан аспайды.

0 пікір
Мұрағат