Джек Ма: Шағын және орта бизнес – экономиканың қозғаушы күші (видео)
Джек Ма: Шағын және орта бизнес – экономиканың қозғаушы күші (видео)
8 жыл бұрын 2985 24.kz tass.ru

«Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы мультимиллиардер Джек Ма қазақстандықтарға кеңес берді. Қытайлық бизнесмен ел үкіметі шағын бизнеске ден қою қажет екенін айтады. Өйткені, бизнестің осы саласы ел экономикасының қозғаушы күші саналады. «Қазақстан жөнінде көп біле бермеймін, алайда, мұнай өндірісімен айналысу қолдарыңыздан келеді, елде ірі компаниялардың саны көп екенін аңғаруға болады. Қазақстанға ұсақ компаниялар мен шағын бизнес өкілдерінің санын арттыру қажет. Ол үшін ірі компания иелері жастарды бизнеске ынталандыруы тиіс. Яғни, оқытып, үйрету керек», - дейді миллиардер. Джек Ма белгілі қытайлық кәсіпкер. «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы. «Bloomberg» агенттігінің мәліметіне сүйенсек, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Джек Ма-ның жеке капиталы 32,7 миллиард доллар шамасында. Джек Ма, «Alibaba Group» компаниясының негізін қалаушы: - Біз Қазақстан үкіметімен логистика, электронды сауда және төлем саласын дамыту бойынша меморандумға қол қоюды жоспарлап отырмыз. Бұл, әлбетте, нәтижелі келісім болады. Алайда, жұмыстың жемісін бүгін ертен көру мүмкін емес. Алдымен инфрақұрлым дайындығын бастауды жөн көреміз. Бұл үшін бірнеше жыл уақыт қажет.

 

0 пікір
Мұрағат