ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНЕДІ
7 жыл бұрын 3140 e-islam

Елімізде дін саласындағы мемлекеттік тұжырымдамасы әзірленіп, бірқатар құқықтық заңнамаларға өзгерістер енетін болады. Бұл жайында Астанада өткен Дінтанушылар форумында Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді.

Қазақстан дінтанушыларының VI форумында сөз сөйлеген министрдің айтуынша, 2017-2018 жылдарға арналған құжат дін саласындағы өзекті мәселелерді реттеуге бағытталған. Сонымен қатар, деструвтикті діни ағымдарға қарсы күресті күшейту бағытында кейбір заңнамаларға өзгерістер енуі мүмкін. Бұның барлығы экстремизм мен терроризмнің алдын алуға септігін тигізуі тиіс. «Зайырлылық – қоғам тұрақтылығының негізі атты» форум қатысушылары өз ой-пікірлерін айтып, дін саласындағы кейбір проблемаларды шешудің жаңа жолдарын ұсынды.

Ғалым ШОЙКИН,

Дін істері комитетінің төрағасы:

«Қоғамдағы бар проблемаларды ескере отырып, біз өз ұсыныстарымызды келесі жылы жариялаймыз. Оның ішінде діни экстремизмнің алдын алу, діни рәсімдер мен жиындарды реттеу мәселелері қамтылады. Тек бір ғана заң емес, осы салаға қатысы бар басқа да заңдарды қарайтын боламыз. Біздің мақсатымыз – зайырлылық қағидаттарын күшейту»

Ғарифолла ЕСІМ,

Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Философия кафедрасының меңгерушісі, профессор:

«Зайырылылық туралы Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңымызда нақты айтылған. Дін мен мемлекет ісі ажыратылған. Бірақ, дін қоғамда болады ғой. Бұл жерде мынадай мәселе шығады: Мемлекеттік мүдде, ұлттық мүдде және діннің мүддесі. Осылардың бәрін үйлестіруі керек».

0 пікір
Мұрағат