Үш медресе колледж мәртебесін алды
Үш медресе колледж мәртебесін алды
7 жыл бұрын 3072 egemen.kz

Елімізде рухани білім беру жүйесі жаңа бағытта, яғни мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асады. Қазір сауатты дінтанушы маман дайындау маңызды мәселе. Сондықтан Қазақстандағы діни қызметкерлерді оқытумен айналысатын тоғыз медресенің үшеуіне колледж мәртебесі берілді, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл туралы бүгін «Зайырлылық — Қазақстандық қоғам тұрақтылығының негізі» атты Республикалық дінтанушылардың алтыншы форумында дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлім етті.

Колледж деңгейіне ие болған діни оқу орындары мемлекеттік бағдарлама бойынша дәстүрлі діни бағытта білім береді. Орта білім беру мекемелерінің талабына сай болу үшін ғылыми бағытта да сабақтар жүреді. Бұл елімізде біліктілігі жоғары дінтанушы мамандар тәрбиелеуге жол ашады. Зайырлы қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алуда мемлекет пен дін бір мүддеге жұмыс істеу керек дейді сала мамандары.

«Ол зайырлылық қатып қалған қағидаттар емес. Мемлекет діннің арасына араласпайды, дін мемлекеттің арасына араласпайды. Бірақ, бір кезде сыртқы, ішкі факторларға байланысты мемлекет тікелей дінге қамқоршы ролін атқарады. Бір уақыттарда қорғаныс мәселесімен айналысады. Бір кезеңдерде оған жәрдем де жасайды» — дейді Философия ғылымдарының докторы Айдар Әбуов.

0 пікір
Мұрағат