НАТО-ның Ташкенттегі кеңсесі жабылды
НАТО-ның Ташкенттегі кеңсесі жабылды
7 жыл бұрын 2628 jasgazak.kz

Ташкентте орналасқан Орталық Азия бойынша НАТО-ның байланыс кеңсесі 2017 жылы жабылады деген Ферғана ақпарат агенттігі таратқан ақпаратты кеңсе басшысы Розария Пульизи растады.

serke.org хабарлағандай, НАТО-ның Орталық Азиямен байланыс кеңсесі шын мәнінде 2017 жылдың наурыз айының соңында жабылады. Бұл ішкі бюджетті қайта қараудан кейінгі шешім. Ешқандай саяси астары жоқ. Өзбекстан тарабынан ешқандай қысым болмады. Керісінше біз аймақта еркін сезіндік, жемісті еңбектерге қуандық. Орталық Азия НАТО үшін стратегиялық басымдық берілетін аймақ болып қала береді. Әріптестік жалғаса береді, сәуір айынан бастап біздің қарым-қатынасымыз Брюссель арқылы жалғасын табады, – деді НАТО-ның Орталық Азиямен байланыс кеңсесінің басшысы.

Алғашқы кезде НАТО-ның Орталық Азиямен байланыс кеңсесі Қазақстанда болған. Кейін 2013 жылдың жазында кеңсе Тәшкентке көшті. Өзбек астанасында НАТО кеңсесі дипломатиялық өкілдік ретінде тіркеліп, сол жылдың тамыз айынан бері жұмыс істей бастады

0 пікір
Мұрағат