Депутаттар вакцинациядан бас тартатын халық санының артуына алаңдаулы
Депутаттар вакцинациядан бас тартатын халық санының артуына алаңдаулы
7 жыл бұрын 2014 Руслан Ғаббасов

Парламент Мәжілісі депутаттарының тобы елімізде вакцинацияға қарсы қозғалыстың қарқын алуын, яғни халықтың жоспарлы алдын алу екпелерінен бас тарту деңгейінің артуына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2005 жылдан 2015 жыл кезеңінде балаларына екпе жасаудан бас тартқан ата-аналар 2 мыңнан 8 383-ке дейін артты, яғни 4 еседен астамға жоғарылады. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2016 жылдың 9 айында профилактикалық екпеден бас тарту бойынша 8239 факті тіркелді. Оның ішінде басым бөлігі 1 жасқа дейінгі балаларға тиесілі (3554 немесе 43 пайызы), 1-2 жастағылар - 21 пайызды (1717), 2-5 жас аралығындағылар - 27 пайызды (2233), 6-15 жастағылар - 5,7 пайызды, сондай-ақ, 16 жастан асқандар 3 пайызды қамтып отыр», - деді Үкімет басшысының атына депутаттық сауалды жолдаған Құралай Қаракен.

Оның сөзіне қарағанда, екпеден бас тартудың басым бөлігі Ақтөбе (17,9 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (17 пайыз), Маңғыстау (13 пайыз), Қарағанды (9,4 пайыз) облыстарында және Алматы қаласында (12 пайыз) тіркелді.

Депутаттың пайымынша, бүгінде вакцинацияға қарсы қозғалыстың белсенді ұстанымы денсаулық сақтау мамандары коммуникациясының жоқтығы адамдардың екпелерге сенімсіздігін тудыруда. Вакциналау инфекциялық аурулардың таралуына тосқауыл қоюда тиімді шара болып табылады.

Сөз соңында Құралай Қаракен бұл мәселеде Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа еліміз халқын жоспарлы профилактикалық екпемен оңтайлы қамтамасыз ету бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдауға өтініш білдірді.

0 пікір
Мұрағат