Израиль 12 мемлекетпен енді қарым-қатынасты мүлдем доғаратынын хабарлады
Израиль 12 мемлекетпен енді қарым-қатынасты мүлдем доғаратынын хабарлады
7 жыл бұрын 5621 stan.kz

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесі Палестина елінің аумағында салынған барлық еврейлік құрылыс нысандарын заңсыз деп таныған қарар қабылдаған болатын. Осыған орай Израиль аталмыш құжатқа дауыс берген Ұлыбритания, Қытай, Франция, Жапония, Ресей, Украина сияқты жалпы саны 12 мемлекетпен енді қарым-қатынасты мүлдем доғаратынын мәлімдеді. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған құжатта 1967 жылдан бері Палестина территориясында салынған барлық еврейлік нысандар заңсыз деп танылса, оны палестиналықтар үлкен қуанышпен қабылдады. Бұл құжат даулы боп есептелетін Иерусалимнің шығыс бөлігін де еврейлерге тиесілі емес екенін мойындайды. Дегенмен, Израиль халықаралық ұйымның шешіміне көніп отырған жоқ.

Осы елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху аталған 12 мемлекеттің көшбасшылары мен елшілерін енді қабылдамайтынын әрі экономикалық ынтымақтастықтың тамырына балта шабылатынын кесіп айтты. Сондай-ақ, Израиль көшбасшысы қаңтар айының басына жоспарланған Ұлыбритания елінің премьер-министрі Тереза Мэймен Давоста кездесуден бас тартты. Бүгінгі таңда Иордан өзенінің батыс жағалауындағы 140 елді мекенде 500 мыңнан астам еврей тұрады екен.

0 пікір
Мұрағат