Биыл Қазақстанда жол апаты салдарынан 21 мың адам зардап шекті
Биыл Қазақстанда жол апаты салдарынан 21 мың адам зардап шекті
7 жыл бұрын 3472 Руслан Ғаббасов

2016 жылдың 10 айындағы көрсеткіш көрсеткендей, жол-көлік оқиғасы 6,1 пайызға төмендеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мәліметіне қарағанда, биылғы жыл еліміздің жолдарында 14 728 жол-көлік оқиғасы болып, онда 21 070 адам зардап шекен, оның ішінде 1958 адам көз жұмды. ЖКО салдарынан 3587 кәмелетке толмаған бала жарақат алып, олардың 195-і қаза тапты.

Жол апаттарының себептері өзгермеген, жалпы ЖКО-ның басым бөлігі жүргізушілердің кінәсінен орын алды, оның ішінде 505-і алкогольдік және есірткілік мас күйінде болды.

«Қоғамдық көліктің қатысуымен 885 ЖКО болып, онда 79 адам қаза болды, 1240-ы жарақаттанды. 594 жағдайда автобус жүргізушісінің кінәсінен, оның 6-сы ЖКО болған кезде алкогольдік мас күйінде болған»,-делінген комитет хабарламасында.

ЖКО-ның 30 пайызы Алматы қаласында орын алып отыр. Апаттылық жарақаттанудың өсуі осы жылы Жамбыл және Алматы облыстарында байқалды. Адамдардың өміріне және денсаулығына салдарын тигізген ЖКО фактілерінің азаюы Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

1 пікір
  • КАРАБЕТ,СИРИЯДА,ИРАКТА АНДА-МЫНДА ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ,МЫСАЛҒА 5-8 АДАМ КАЗА БОЛДЫ,-ДЕП КОРСЕТИП ЖАТАДЫ ТВ-ДАН,БИЗГЕ ЯҒНИ КОРЕРМЕНГЕ НАМЕКАТЬ ЕТИП ОРЫСША АЙТКАНДА,РАХМЕТ АЙТЫҢДАР,БИЗДЕ СОҒЫС ЖОК ДЕП,АЛ АЙЫРМАШЫЛЫК КАНДАЙ СОЛАРДАН БИЗДЕ АЗ ОЛИП ЖАТЫРҒАН ЖОК ДЕП ОЙЛАЙМЫН,1958 АДАМ ОН АЙДА КОЗ ЖУМҒАН, СОНДА АЙЫНА 200-ДЕЙ АДАМ ОЛИП ОТЫР ҒОЙ,СУМДЫК КОЙ БУЛ,ЗАҢДЫ КАТАЙТУ КЕРЕК 15-20 ЖЫЛҒА БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ КЕРЕК АРАК ИШИП РӨЛГЕ ОТЫРҒАН АДАМДЫ,ОСЫНЫҢ БАРЛЫҒЫ АДАМНЫҢ ОЗ САНАСЫНА КЕЛИП ТИРЕЛЕДИ,БИРЕУ МАС БОЛЫП ОТЫРАДЫ РӨЛГЕ,БИРЕУ ПАРА АЛАДЫ, БИРЕУ ПАРА БЕРЕДІ СОСЫН "ПРАВА"АЛАДЫ,АЛ БУНЫҢ БАРИ ИМАНСЫЗДЫККА КЕЛІП ТИРЕЛЕДИ.
    7 жыл бұрын
Мұрағат