Атырау облысында 1800-дей жасөспірім әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын топтарға тіркелген
Атырау облысында 1800-дей жасөспірім әлеуметтік желіде суицидті насихаттайтын топтарға тіркелген
8 жыл бұрын 2051 inform.kz

Атырау облысының прокуратурасы интернет сайттарға жасаған мониторинг қорытындысы бойынша, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде суицидті насихаттайтын 22 топты бұғаттады.

«Топқа тіркелушілер өзіне қол жұмсау тәсілдерімен бөліседі. Осындай топтарда жарияланған материалдарға жүргізілген талдау басты басымдық балалар арасындағы суицидті дамытуға, өмірге құштарлықты өлтіруге, өзіне қол салуға жетелеуге жасалатынын көрсетті. Сондай-ақ, осындай топтарға облыс бойынша 1800-дей жасөспірім тіркелгені анықталды», - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура бастамасымен жоғарыда айтылған топтарды ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі бұғаттап тастады.

1 пікір
Мұрағат