Астананы миллионыншы тұрғынның дүниеге келуімен құттықтады (фото+видео)
Астананы миллионыншы тұрғынның дүниеге келуімен құттықтады (фото+видео)
8 жыл бұрын 3869 Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бас туын көтеріп, Астана күніне арналған мерекелік іс-шараларды бастап берді, - деп хабарлайды "Tengrinews.kz" ақпарат көзінің тілшісі.

"Атамекен" этно-мемориалдық кешеннің айналасында Мемлекеттік туды көтеру және курсанттарға офицерлік иықбелгі тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Сонымен қатар, Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар басталды.

"Бүгін Астанада Мұхамедияровтар отбасында елордамыздың миллионыншы тұрғынның дүниеге келгенін үлкен қуанышпен айтқым келеді. Арайлым балабақшада тәрбиеші болып, ал Олжас электр жабдықтарының маманы болып жұмыс істейді. Енді Астана қаласы - миллион тұрғыны бар қала. Барлығыңызды құттықтаймын", - деді Назарбаев.

"Көк тудың астында біз тәуелсіз Қазақстанның тарихын қалыптастырдық. Ширек ғасырда мықты мемлекеттің ғимаратын сала алдық. Сонымен қатар, Республикамыз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Халықаралық қауымдастық Қазақстанға әлемді қамсыздандыру мен әлемдегі қауіпсіздікті сақтауды сеніп тапсырды", - деді Президент.

"Бұл біздің мемлекетіміздің беделін, абыройы мен оның дамуындағы жетістіктерді мойындау деген сөз. Қауіпсіздік кеңесі біздің туымыздың одан да танымал болуына көмектеседі. Ту - ұлттық бірліктің белгісі. Ол еліміздегі тұрақтылықты, көп этникалық тұрғындардың теңдігі мен болашағымызды көрсетеді. Сондай-ақ, қазақстандық патриотизмді оятады. Яғни, патриотизм барлығынан бұрын өз Отанында қызмет етуден басталады", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, ол бүгін еліміздегі жоғары әскери оқу орындарындағы үздік түлектерге офицерлік иықбелгілердің берілетінін айтты. "Құрметті түлектер, бүгінде мыңдаған қазақстандық жас түлек оқу орнын бітіріп, үлкен өмірге қадам басып жатыр. Сіздер үлкен өмірді осындай салтанатты шарада, тудың астында бастап жатырсыздар. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, себебі сендер қоғамда үлкен құрметке ие әрі ерекше мамандықты таңдадыңдар. Ол мамандық - Отанды қорғау", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Президент тудың көкке көтерілуін Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бастауы екенін айтып өтті.

"Біз Астана күніне арналған барлық іс-шараны бастадық. Биыл біз Астананың 18 жылдығын атап өтеміз. Кәмелетке толу жасы. Бұл жас көптеген биіктің шыңдалғанын көрсетеді. Сонымен қатар, ол Астананы алда әлі белестердің күтіп тұрғанын көрсетеді. Астана жақсы жаққа өзгеріп, дамып жатыр", - деді Назарбаев.

Еске салайық, бүгін Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалаcы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүниеге қыз келді. Қыздың ата-аналары - №9 "Нұршашу" балабақшасының тәрбиешісі 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр мен "Астана-РЭК" электр жабдықтарының маманы Олжас Мұхамедиярдың тұңғышы дүниеге келіп отыр. Айта кетейік, қызға Саида деген есім қойылды. 

0 пікір
Мұрағат