АҚШ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КОРОЛІНЕН СӘЛӘФИЗМГЕ ТОҚСАУЫЛ ҚОЮДЫ ТАЛАП ЕТУДЕ
АҚШ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ ЖАҢА КОРОЛІНЕН СӘЛӘФИЗМГЕ ТОҚСАУЫЛ ҚОЮДЫ ТАЛАП ЕТУДЕ
8 жыл бұрын 4744 qamshy.kz

Сауд Арабиясы тақ мұрагерінің орынбасары Біріккен Араб Әміріктерінің қолдауына ие болды. Ол ағымдағы жылдың аяғына дейін Сауд Арабиясының королі деп жариялануы мүмкін, - деп жазады "Middle East Eye". Бұл туралы "Qamshy.kz" хабарлайды.

Басылымның жазуынша БАӘ ханзадасы Мұхаммед ибн Зайед ан-Нахьян АҚШ-қа Сауд Арабиясының басшылығына лайықты тұлға ретінде Мұхаммед ибн Саалманды ұсынған.

Сондай-ақ, ибн Салманның таққа отыруы үшін уаххабизм-сәләфизм билігін тоқтату талабы қойылып отырғанын жазады.

Ибн Саалманның өзі де американдық көмекке мұөтаждығын жазады басылым.

Басылым Мұхаммед ибн Саалманның қазірдің өзінде сәләфиттік ұстанымдағы дін қызметкерлерінің ықпалын азайту бойынша жоспарды жүзеге асыруға кіріскенін, діни полицияның өкілеттілігі шектеліп, радикалдық ұстанымдағы бірқатар қайраткерлердің қамауға алынғанын жазады.

Алайда, бірқатар сарапшылар саудиядағы Жоғары ғұламалар кеңесінің ықпалы күшті екенін айтып, Саалманның жоспарларының жүзеге асу мүмкіндігіне күдікпен қарайды.

0 пікір
Мұрағат