Ағашы аласа, алмасы тамаша (видео)
Ағашы аласа, алмасы тамаша (видео)
8 жыл бұрын 3451 24.kz trezvenie.org

Ақтөбелік шаруа алма бағын баптауда. Өңірдің климаты қолайсыз болса да, тәуекелге бел буған кәсіпкер 30 гектар жерді жалға алып, мың түп жеміс ағашын екті. Топырақ құрғақ болғандықтан, тамшылатып суару әдісін пайдалануда. Алқаптың шетінен ұңғыма қазып, құбырмен әр көшетке сыздықтап су баратындай етіп қойған. Жас көшеттер тез өсіп-өнуі үшін түбіне қара бидай салған. Бағбанның айтуынша, Ресейден әкелінген алма тұқымы Ақтөбенің ауа райына төзімді, шөлге шыдамды. Ағашы аласа болғанымен, алмасы тамаша. Жер емген шаруа биыл 14 гектар жерге көкөніс түрлерін де егіпті. Қарамағында 5-6 адам жұмыс істейді. Қазір оларға арнап үй және көкөніс сақтайтын қойма салып жатыр. Кәсіпті өз қаржысымен бастаған шаруа енді өнімге субсидия алады. Данияр Алманов, шаруа: - Жақсы шықты қыстан. Ешқандай ауырмай. Мына жерге отырғызып көрдім. Биыл береді өнім. Бірақ, әдейі тамырға күші жақсы болсын деп жарынға қалдырып отырмыз. Жылыжай салғым келеді жарты гектарға.

 

0 пікір
Мұрағат