Абақтыдағылар саны азайып келеді
Абақтыдағылар саны азайып келеді
7 жыл бұрын 2210 Айдар ӨРІСБАЕВ, «Егемен Қазақстан»

90-жылдардың басында КСРО-дағы 700 мың сотталушының 100 мыңы Қазақстанныңколонияларында жазасын өтеген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміз түрмедегілер саны бойынша АҚШ пен Ресейден кейінгі үшінші орында болған. 25 жыл ішінде Қазақстанда жаза өтеушілер санын қысқарту мақсатында 8 рет рақымшылық жасалды.

Мемлекет басшысының тап­­сыр­ма­сы­мен қылмыстық сая­сатты ізгілендіру жұ­­мыс­т­а­­ры жүргізіліп жатыр. Бас про­­ку­ратурада «Түрме ре­фор­­масының» ІV фо­­румы өте­­ді. Оның барысында соң­ғы үш жылдағы жұмыс қо­ры­­тын­д­ыланады, деп мә­лім­­деді Ор­талық коммуника­ция­­лар қыз­­метінде өткен бас­па­сөз мә­с­ли­ха­тында Бас про­ку­рор­дың орынбаса­ры Ма­рат Ах­мет­жанов. Ол «Түр­ме ре­фо­р­­­ма­сының» бірі­н­ші форумы 2013 жы­л­дың ақ­па­нында өт­­­кізілгенін, оның шең­­бе­рінде «Түр­­ме хал­­қын азайтудың 10 ша­­расы» жобасы бас­тау ал­ға­нын ес­ке салды.
«Аталған форумда қа­лып­­тасқан ұсы­ныстар Іс-ша­ра­лар жоспарына ен­гі­зі­ліп, Пар­­ла­мент депутаттарының, Жо­ғар­­ғы соттың, ІІМ, халық­ара­лық құқық қор­ғау­шы ұйым­да­ры­­ның тараптарынан қол­дау тап­т­ы. Жаңа Қылмыстық жә­­не Қыл­мыстық-атқару ко­дек­с­­те­ріне қо­сыл­­ды. Жобаны үш жыл ішінде жүз­е­ге асы­ру нәтижесінде Қазақстанда түр­­ме­де­гілердің саны 30% азай­ды, 2012 жылы жа­за өтеу­ші­лер саны 52 мың болса, 2016 жыл­дың соңында 36 мың адам­ды құрады, – деп атап өтті М.Ахметжанов. – Ха­лық­­ара­лық рейтингте Қазақ­стан 35-ші орын­нан 68-ге төмендеді. Екі жыл ішінде қыл­мыстық-атқару жүйесінің 7 мекемесі жа­былып, бюджеттің 12 млрд теңгесі үнем­делді».
Сонымен қатар, «Түрме ре­фор­ма­сы­ның» ІV форумында «Колонияларда жұ­мыспен қамту — 2017» және «Әлеу­меттендіру – сен қоғамға керексің» жо­­баларын іске асыру нәтижелерін тал­қы­лау жоспарланған. Бас прокурордың орын­басары форумның екінші бөлігінде «Азап­таусыз қоғамға» жаңа жобасы, сон­­дай-ақ оларды болдырмаудың нақты Іс-ша­ра­лар жоспары таныстырылатынын айт­ты.
«Жобаның мақсаты – қылмыстық про­цес­те және пенитенциарлық салада азап­тау­ды жою бойынша заңнамалық және тә­жірибелік шараларды әзірлеу және жү­зеге асыру. Азаптауды болдырмау инс­титуттарының тиімділігін арттыру ба­ғытында заңнамаға өзгерістер енгізу, сон­дай-ақ заңдарды және тәжірибені ха­лықаралық стандарттарға және ра­ти­­фикацияланған келісімдер мен кон­ве­н­циялар аясындағы міндеттерге сәй­кес­тен­діру жобаның негізі болып табылады», – деп түсіндірді М.Ахметжанов.
Оның айтуынша, жобада Ыстанбұл хат­­тамасының қағидаларын тәжірибеге ен­­гізу шаралары бөлек көрсетілген, он­да ұлттық және процессуалдық ерек­ше­лік­терге қарамастан, азаптауды тиімді тергеу бойынша бүкіл әлемнің тәжірибесі жинақталған.

0 пікір
Мұрағат