ЮНЕСКО ислам ғылымының «алтын ғасырын» атап өтуде
ЮНЕСКО ислам ғылымының «алтын ғасырын» атап өтуде
9 жыл бұрын 2864

Париж қаласындағы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Жарық және жарық технологиясына қатысты шара аясында ислам өрекенитенің «алтын ғасырындағы» жетістіктерге және Ибн әл-Хайсамның өмірі мен еңбектеріне арналған халықаралық жиын өтті. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 14-15 күндері. Маңызы зор айтулы жиынға технология мен білім беру саласындағы беделді сарапшылар мен ғылым тарихының білгірлері қатысты.  Бұл жайында OnIslam.net ақпарат көзі хабар таратты. Бұл шара өз кезегінде осы жиында бас қосқан көпшілікке ислам өрекенитінің жетістіктерінен хабардар болуына мүмкіндік береді. Оның маңыздылығы да осында. «Оптика кітабын» жазған әрі осы күнге дейін маңыздылығын жоймаған осынау құнды еңбектің авторы Ибн әл-Хайсам туралы мағлұмат берілді. Жиын кезінде жұртшылықтың назарына орта ғасырдағы мұсылман ғалымдарының қолжазбаларының көшірмесі ұсынылды. 

0 пікір
Мұрағат