Үшеулеп жүріп 140 мешітті тазалап шыққан
Үшеулеп жүріп 140 мешітті тазалап шыққан
8 жыл бұрын 4626 muslim.kz

Көлемі жөнінен әлем бойынша үшінші орын алатын Борнео аралындағы 140 мешітке тазалық жұмыстарын жүргізіп, қалпына келтіру мақсатында бастаған бұл саяхаттарына олар былтырғы жылдың қаңтар айында шыққан көрінеді. Содан бері олар аралдың 11 штатында болып, 140 мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жаяулап жүріп жақсылық жасауға тырысқан олар осы кезге дейін 2,353 шақырым жерді басып өткен.

Ағайынды Аннас Айман мен Мухаммад Айдил Джафри және олардың достары Хизамутдин Адам Алидин өздерінің бұл сапаралары барысында көптеген ізгі жандармен танысып, достар тапқанын айтады.

«Мешіт – мұсылмандардың байлығы. Әрбір мұсылман жан өзінің мешіті жайында алаңдауы тиіс деп ойлаймыз. Біз осы сапарымызда түрлі салт-дәстүрлермен, мәдениетпен таныс болдық. Олардың ырымдарын, тіпті, тілдерін де үйрендік», – дейді олар.

Еріктілер жақында жаңа сапарға шығатындарын айтады. Жоспар бойынша 5 ай ішінде олар 55 құлшылық ордасына тазалық жұмыстарын жүргізбекші.

0 пікір
Мұрағат