Шартарап: Бeс жастағы бала анасын құтқарды (ВИДЕО)
Шартарап: Бeс жастағы бала анасын құтқарды (ВИДЕО)
8 жыл бұрын 4711 inform.kz

Портлендте (АҚШ, Техас штаты) 34 жастағы Трейси Андервальд ауладағы бассейнде жүзіп жүріп, кенеттен жүрегі ұстап қалады. 

Оның қасында бес жасар қызы Эллисон жүрген. Қыз анасын құтқару үшін бассейнге секірген.

Бейнебақылау камерасындағы жазбадан судан тұншығып қалмас үшін Эллисонның анасының басын жоғары көтергенін және бассейннің сыртына сүйреуге тырысқанын көруге болады.  

- Ол өте ауыр болды, сондықтан басын ғана көтере алдым, кейін басқалар да жүгіріп келіп, анамды судан шығаруға көмектесті, - деді Эллисон.

- Эллисон екі жарым жасында жүзуді үйренді. Ол біздің кішкентай батырымыз, - деп мәлім етті қыздың анасы.

 

0 пікір
Мұрағат