Түндe жолға шығады
Түндe жолға шығады
8 жыл бұрын 2707

Үндістанның 74 жастағы тұрғыны компаниядағы инженерлік қызметін тастап, таксиші болып жұмысқа тұрды. Себеп? «Бірде аяғы ауыр әйелім уақыты келмей толғатты. Түннің бір уағы болғандықтан бірде-бір көлік тоқтамады. Шарана шетінеп кетті. Осыдан кейін мен өмірімді өзгертуіме тура келді. Жолаушылардан тек күндіз тасығанда ғана ақы аламын, ал түнде емханаға асыққан жолаушыларды тегін жеткізіп саламын. Мен өзімнің визиткамды жолаушыларға таратамын, олар кез келген уақытта, ауырып қалған аса зәру жағдай болса, түнгі сағат үште де хабарласа алады». «Мен 11 тілде сөйлей аламын. Балаларым инвестициялық қорда жұмыс істейді. Өмірімдегі ең басты жетістігім – 500-ден аса адамды ауруханаға жеткізіп салғаным. Бұл олардың аман қалуына септігін тигізген де шығар. Осы үшін қарапайым таксиші болуға дайынмын және бұл жұмысты істегеніме бақыттымын», - деді ол ағынан ақтарылып.

2 пікір
Мұрағат