Швеция тұрғындарының шамамен 50%-ы арабша сөйлейді
Швеция тұрғындарының шамамен  50%-ы арабша сөйлейді
8 жыл бұрын 4502

Стокгольм қаласындағы университеттің тіл ғалымы Микаэль Парквалл Швецияда швед тілінен кейін қай тіл басымдыққа ие екенін анықтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, Швецияда екінші тіл – араб тілі екені анықталды. Яғни, аталған ел тұрғындарының шамамен елу пайызы арабша тілдеседі. Ол Швецияда швед тілінен кейін фин тілінің мың жылға жуық уақыт бойы екінші тіл болып келгенін алға тартты. Ол талдау жүргізгенде тұрғындардың жаттап алған тіліне қарап емес, туған тілін қаперге алған. Статистикалық мәліметке қарағанда, Швецияда туған тілі фин тілі болып табылатын 200 мың адам тұрған. Ал араб тілі туған тілі болып табылатындар қарасы 155 мыңды құраған. Аталған ел аумағында заң жүзінде қорғалатын бес ресми тіл қолданыста: фин, саам, сыған, идиш және  меянкиел (финдік диеалекті). Лингвист араб тілін де ресми тілдердің қатарасына қосуды айтып отыр. 

0 пікір
Мұрағат