Зейнеткер 50 мың баланың асыраушы әкесі атанды
Зейнеткер 50 мың баланың асыраушы әкесі атанды
8 жыл бұрын 2763

Дәрегір Ампон алпыстың асқарына қалай шықты, солай зейнетке шықты. Қайырымдылық қорындағы жұмысынан демалысқа аттандырды. Көп ұзамай бұқаралық ақпарат құралдары мен мерзімді басылымдарда Тайланд экономикасы дағдарысқа тап болғаны турасында мақала жарияланғанын оқып, көшелер мен қоғамдық орындарда қайыр тілейтін балалардың қарасы артатынын көз алдына келтірді. Ол мұны өз тәжірибесінен білетін еді. Ампон Ваттанавонг көп ойланып-толғанып жатпастан зейнетақы шотындағы бар қаржысын жұмсап, дағдарысқа байланысты жұмысынан айырылған бұрынғы әріптестері мен бұғалтырды жалдап, балаларды оңалту және дамыту қорын ашты. Өзінің. Бірнеше жылдан кейін аталған қордың өз мектебі ашылды. Онда үйсіз-күйсіз қаңғып қалған 5-13 жас аралығындағы  балалар білім алып, арасында ойнап, уақыт өткізеді. Киімдері бүтін, ыстық ас беріледі. Ел арасында дәрігерді «50 мыңның асыраушы әкесі» атанды. Сәл шегініс: біз сөз етіп отырған қаһарман 1937 жылы дүниеге келген, отбасында жалғыз бала болғандықтан ерке болып өсті. Алайда, оның әке-шешесі белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмғаннан кейін жетім қалған ол көшеде қайыр тілеп, жуындымен күнін көреді. 15 жасында емханаға тап болады, сол арада оған қайырымды медбике жолына ақша беріп, білім алуына кеңес береді. Ол оқып-жазуды үйренеді. Бангкок қаласына аттанып, онда кез келген жұмысты арланбай істейді. Бос уақытында ағылшын тілін үйреніп, Филиппиндегі жоғары оқу орнына түседі. Кітап пен тамағына ақша табу үшін бос уақытында курстастарының киімдерін үтіктейді. Диплом алғаннан кейін қайырымдылық қорына жұмысқа тұрады.

0 пікір
Мұрағат