Қазақстандағы көліктердің жасы қаншада? (Инфографика)
Қазақстандағы көліктердің жасы қаншада? (Инфографика)
8 жыл бұрын 3655 7kun.kz

Қазақстандағы автопарк жасарып келеді. 2016 жылдың 1 қыркүйегіндегі есеп бойынша, жасы 3 жылдан аспайтын көліктер үлесі 16,2%-ды құрады. Салыстыру үшін 2015 жылдың күзінде бұл көрсеткіш 14,2%-ға, 2012 жылдың қорытындысы бойынша 2,5%-ға тең еді. 

1 қыркүйекте тіркелген автомобильлер саны 3,85 млн. Бұл осы жылдың қаңтарындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,2%-ға артық.

14794082_396257730762083_1322873808_nЖасы 3 жылдан аз машиналардың үлесі — 16,2%.  Дегенмен ескі көліктердің яғни жасы 10 жылдан көп машиналар саны әлі де азаймай отыр. Олар елдегі автопарктің 58,8%-ын алады, 3-7 жыл аралығындағы көліктер үлесі — 10,2%.

14627821_396257744095415_2104233623_nЕліміздегі ең жас автопарк — Атырау облысында. Жасы 3 жылдан аспайтын көліктер саны — 30,4 мың яғни 38,8%, ал 10 жылдан асқан көліктер үлесі — 26,1%.

Жаңа көліктердің өсімі жыл басынан бері Астанада байқалды. Аймақтағы 3 жылдық машиналардың үлесі барлық автопарктің 30,1%-ын құрайды. Ал жыл басында бұл көрсеткіш 29,7%-ға тең еді.

Жаңа машиналардың басым көпшілігі Алматы қаласында шоғырланған. Елдегі көліктердің 14,5%-ы немесе 74,1 мың автомобиль осы қалада. Автопарктегі жасы 3 жылдан аспайтын көліктердің үлесі —  19,5%.

0 пікір
Мұрағат