Қазақ тілінің сөздік қоры әлемде 3-орында тұр
Қазақ тілінің сөздік қоры әлемде 3-орында тұр
7 жыл бұрын 8983 aqmeshit-aptalygy.kz Baq.kz

Жер бетінде 6 мыңнан астам тіл бар есептеледі. Олардың арасында сөйлейтін адамдар жөнінен біздің ана тіліміз 70-орында екен. Ал тіл байлығы жөнінен үздік үштікте тұрған көрінеді. 

Мамандардың айтуынша, ең бай тіл ретінде араб тілі есептеліп отыр. Онда 12 млн. 300 мың сөз бар көрінеді. Бұл көрсеткіш ағылшынша 700, қазақша 600 мыңды құрайды. Ал испанша 300, орысша 150 мың сөз бар болса, қытайлар 87 мыңнан астам иероглифті қолданады. Қысқасы, біздің тіліміз әлемдегі ең бай тілдердің қатарында саналады.

Жер шарында қытай тілінде сөйлейтін адамдардың қатары қалың. Бұл тілді 1,2 млрд. адам ана тілім деп таныса, 300 млн. адам екінші тіл ретінде санайды. Жалпы, көрсеткіш 1,5 млрд. адамды құрайды. Дәл осы көрсеткіш ағылшын тілінің де еншісіне бұйырған. Алайда, оны 500 млн. адам туған, 1 млрд. адам екінші тіл ретінде қарайды. Испанша – 550 млн. адам (425 млн. адам – туған, 125 млн. адам – екінші), арабша – 420 млн. адам (300 млн. адам туған, 120 млн. адам – екінші), орысша – 260 млн. адам (160 млн. адам туған, 100 млн. адам – екінші) сөйлейді. Одан кейінгі орындарда португал, неміс, француз тілдері бар. Ал қазақша қанша адам сөйлейді? Бұл жөнінде нақты дерек жоқ.

0 пікір
Мұрағат