Мұсылмандардан мін іздеген исламофобтың өзі күлкіге қалды
Мұсылмандардан мін іздеген исламофобтың өзі күлкіге қалды
2 жыл бұрын 830

Исламофобиялық әрекетімен танымал АҚШ-тың бұрынғы конгресмені мұсылмандардан мін іздеймін деп, күлкіге қалды. Бұл жайында «Business Insider» ақпарат көзі хабар таратты. Флорида штатынан сайланған экс-депутат әрі республикалық партияның мүшесі Аллен Уэст өзінің блогында Walmart дүкеніндегі көргенін жазған екен. Өзінің айтуынша, ішімдік сатып алмақ болған екен, алайда, кассада ішімдікке кезекке тұруға болмайтыны жөніндегі жазуға көзі түскен. «Әр нәрсеге әуес мен өзімнің көзілдірігімді кидім кассирдегі адамның аты-жөнін оқу үшін. Кассадағы адам Стив (америкалық емес деген мағынада айтылған – ред.) емес екені анық»,- деп бастапты. Осылай дей келе ол кассирдегі адамды мұсылман екен деп ойлап қалады да супермаркетке «шариғатты» енгізген деп жаңсақ топшылайды. Содан бұрынғы депутатың христиандарға бір жыныстылардың некесіне наразылық білдіруге тыйым салынған да мұсылмандарға ішімдік сатпауына қалай тыйым салынбайды дегендей сауал тастайды. Артынан белгілі болғандай, кассирде тұрған адамның жасы 21-ден төмен болса, ішімдік сатуына тыйым салынған. Сол себепті, кассада әлгіндей жазуды оқып, оны мұсылмандардың ісі деп шатастырған депутат күлкіге қалды.

0 пікір