Еврей психотерапевті Құранмен емдейді
Еврей психотерапевті Құранмен емдейді
9 жыл бұрын 3594

Израилдік психотерапевт пациенттерін емдеудің тың тәсілін ойлап тапты – ол пациенттердің басындағы жағдайға қарай қасиетті Құранның соған қатысты аяттарымен емдейді. Хайф университетінде дәріс оқитын Офер Гросбардтың пациенттерін Құранмен емдеуіне өзінің Бушра есімді бәдәуи студенті ықпал еткен. Ол ұстазына психология саласындағы ғылыми тәсілдердің нақты өмірде жүзеге аса қоятынына күмән келтіретінін білдірген. Мәселен, «жын кірген адамдарды» емдеуде мұндай дәрістердің дәрменсіздігін жеткізген екен. Мұсылман студентке құлақ асқан Гросбард қасиетті Құран данасын сатып алады. Одан пациентті емдеуге септігін тигізетін сүрелер мен аяттарды жазып келуге тапсырма берген. Оқытушы да, студенттер де шамамен 300 аят пен сүре жазып әкелген екен. Осы жұмыстың нәтижесінде израилдік психотерапевт өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге атсалысатын педагогтар мен ата-аналарға дұрыс бағыт көрсететін Quranet жобасын қолға алды.

0 пікір
Мұрағат