Мемлекеттік елтаңба өзгеретін болды
Мемлекеттік елтаңба өзгеретін болды
3 жыл бұрын 4879

Еліміздің елтаңбасы жетілдірілетін болды. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу және метрология комитетінің сайтында айтылған. Аталмыш комитет төрағасының 2014 жылдың наурыз айының 14-і күнгі бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы. Пішіні, көлемі және техникалық талаптары» 989-2008 ұлттық стандартын қайта қарастырумен айналысатын жұмысшы тобы бекітілді. Жұмысшы тобына мемлекеттік елтаңба авторы Ж. Мәлібеков, ҚР Мәдениет министрілігінің мемлекеттік символдарды жасаумен шұғылданатын орындардың өкілдері кірді. Жаңа стандарт мынадай өзгерістерді қамтуы мүмкін: мемлекеттік елтаңбаның көлеміне байланысты техникалық талаптар қайта қарастырылуы ықтимал. Жаңа талап бойынша пайдалану мерзімінің кепілдемесі 3 жылдан кем болмауы керек.

0 пікір