Демографиялық ахуалды Эбола безгегімен реттегісі келеді
Демографиялық ахуалды Эбола безгегімен реттегісі келеді
10 жыл бұрын 3616

Француздардың «Ұлттық майдан» деп аталатын ультраоңшыл партиясының іргетасын қалаған әрі арандатушы мәлімдемелерімен аты шыққан Жан-Мари Ле Пен демографиялық ахуалды Эбола безгегімен реттеуге үндеді. Франциядағы миграция мәселесін талқылау барысында ол барлық пәлені жер бетінде адамзаттың көбеюінен көріп отыр. Ол өз сөзінде Эбола безгегінің бұл мәселені үш айдың ішінде шешіп беретінін тілге тиек етті. Адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті безгектің бұл түрі қазіргі уақытта Африка құрлығындағы Гвинея мен Либерияда өршіп тұр. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бері екі жүзден аса адам көз жұмған болатын.

Француз билігінің ресми өкілі Стефан Ле Фоль оның бұл мәлімдемесіне «сандырақ» деп баға берді. Бір айта кетерлігі, Жан-Мари Ле Пен 2005 жылы нәсілдік кемсітушілікке толы қағытпа-қалжыңымен ұлтараздығын қоздырғаны үшін сын-ескертпелердің астында қалған болатын.

0 пікір
Мұрағат