«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады
«Меломен» тобының әншілері жол апатына ұшырады
8 жыл бұрын 4245 Baistars.kz

Замауни әндерімен қатар діни тақырыптағы әндерді де шырқап, осылайша асыл дінімізді насихаттап жүрген аталмыш топтың әншілері 7 ақпан күні таңғы сағат 4-тер шамасында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылымен Lexus көлігімен Алма-Арасан шатқалына көтеріліп бара жатып, жол көлік апатына ұшыраған. Тізгінде Жігер Ауыпбаев болған. Ол рұқсат етілген жерден солға қарай бұрылыс жасаған сәтте арт жақтан қатты жылдамдықпен Nissan маркалы жол талғамайтын көлігі соққан. Қатты соққыдан Жігер Ауыпбаев жүргізіп келе жатқан көлік бір аунап, шетке ұшып түскен. Абырой болғанда, топтағы үш жігітке зақым келмеді. Ал тізгінде отырған Жігер орнынан қозғала алмай қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері Жігерді қалалық №12 ауруханаға алып кетті. Қазіргі уақытта Жігер ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, 10 ақпан күні «Меломен» тобы және Жігер Ауыпбаев өзі басты рөлді сомдаған «72 сағатта үйлену» фильмінің тұсаукесеріне қатысу керек болған. Бұл фильм 11 ақпаннан бастап барлық кинотеатрларда көрсетілмек. Ендігі ретте әншінің жанкүйерлері дәрігерлерден жағымды ақпарат күтуде.

3 пікір
  • Алла шипасын берсін.
    8 жыл бұрын
  • Бұл жаңалықты асыра сілтеп жазған дейді «Меломен» тобының жігіттері. Аса қатты жол апаты орын алған жоқ. Жігіттер аман сау, әндерін де орындап жүр. Алла амандық берсін...!
    8 жыл бұрын
  • Бұл да бір сынақ болар.Бір Алла шипасын бергей!
    8 жыл бұрын
Мұрағат