«Жұлдызды мешіттер» пайда болды (фото)
«Жұлдызды мешіттер» пайда болды (фото)
6 жыл бұрын 2862 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ұлыбританияда ел аумағындағы мешіттерге қонақ үйлердің жайлылығына қарай берілетін дәрежесіне сай жұлдыз белгісі жапсырыла бастады. Яғни, жаһандық стандартқа сай болуы қадағаланады. Нақтырақ айтқанда, Faith Associates консалтингтік компания «Мешіттерді стандарттау бағдары» деп аталатын бастаманы қолға алды. Бұл бастама аясында мешіттер бірқатар өлшемдер бойынша бағаланады. Қыркүйек айының 8-і күні тұсауксері Лондон қаласында аталмыш бастамаға орай өткізілген жобаға қатысқан мешіттер 10 өлшем бойынша бағаланды – басқару сапасы, қызметкерлерді іріктеу, қаржыны тиімді жұмсау, т.б. Ең үздік мешіт «5 жылдызға» ие болды. Бұл жайында Birmingham Mail ақпарат көзі хабар таратты. Сондай-ақ, мешіттер 10 түрлі аталым бойынша іріктелді – атап айтқанда, «Менеджеті озық мешіт», «қоғаммен байланысты ең үздік бағдарламасы бар мешіт», «қарттарға жақсы қызмет көрсететін мешіт», т.б. Мәселен, Грин-Лейн мешіті «ең жақсы қайырымдылық жобасы» аталымы бойынша көзге түссе, Баху Траст мешіті «ең жақсы жасыл бастамасы» үшін алдыңғы орыннан көрінді. «Мешіт – тек құлшылық ететін ғибадат ғимараты емес, сонымен қатар, білім алатын, қайырымды істер атқарылатын, т.б. орны»,- деді Faith Associates негізін қалаушы Шауқат Уаррайш.

0 пікір
Мұрағат