Жоғалған балаларды іздейтін арнайы жасақ құрылды (видео)
Жоғалған балаларды іздейтін арнайы жасақ құрылды (видео)
6 жыл бұрын 2396 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Шешенстанда жоғалған балаларды іздеумен айналысатын мамандардың алғашқы түлегі пайда болдыү Бұл жайында «Шешенстан бүгінде» деп аталатын ақпарат көзі хабар таратты. Ресей Федерациясының әр түкпірінен өз еркімен келгендер Гудерместегі Ресей арнайы жасақ университетінде жоғалған балаларды іздеуге арналған арнайы бағдарлама бойынша оқытылды. Түлектер Шешенстан республикасының басшысы Рамазан Қадыровтың өз қолынан сертификат алды. Аталмыш бағдарлама шешен жоғарғы оқу орнының жобасы болып табылады әрі мамандарды тактикалық, техникалық, топографиялық, медициналық, т.б. дайындықтан өтеді. Тәжірибе жинау үшін студенттер таулы өңірлерде болып, дрондардың және «Чаборз» вездеходтың көмегімен өздеріне жүктелген тапсырмаларды орындап, бұл жаңа мамандықтың қыр-сырын үйренді.

(Жоғалған балалар туралы арнайы материалды алдағы күндері оқи аласыздар)

0 пікір
Мұрағат