Жиналмалы күн панелі бар электромобилді көлік (видео)
Жиналмалы күн панелі бар электромобилді көлік (видео)
2 ай бұрын 297 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Gazelle Tech электромобилді жазылып жиналатын, күннен энергия алатын панелмен жабдықтады. Тент түріндегі батарея тоқтап тұрған күйінде автокөлікті қуаттайды. Бұл жайында аталмыш компания сайтында айтылған.

Мата мен күннен энергия алуға көмектесетін элементтерден тұратын тент автокөлікті тұтас жауып тұрады. Көлемі 4 шаршы метрді құрайтын күн панелі автокөліктің артқы бамперінде орналасқан арнайы қапшыққа шиыршықталып жиналады. Шамамен бір минут уақыт кетеді жиналуына. Инженерлердің айтуынша, жазылып жиналатын күн батареясы аккумуляторды сегіз сағаттың ішінде толық қуаттап береді. Бұл өз кезегінде қосымша тағы 30 шақырым жол жүруге мүмкіндік береді. Прототип қосымша 180 шақырымды артқа тастай алатын Gazelle электромобил негізінде құрастырылған болатын. Десе де аталмыш компанияның сайтында ауа райының (мәселен, күн бұлтты кезде) автокөліктің күн батареясының тиімділігіне қаншалықты әсер ететіні айтылмаған.

0 пікір
Мұрағат