«Әлемде жүздеген адам қылмыс жасағандықтан емес, құқық қорғау қызметі үшін түрмеге қамалған» - Элис Могве
«Әлемде жүздеген адам қылмыс жасағандықтан емес, құқық қорғау қызметі үшін түрмеге қамалған» - Элис Могве
2 ай бұрын 234

Ол "билік көзқарасы үшін немесе өзгеше пікірі үшін қудаланған саяси тұтқындарды босатуы керек" деген.

Адам құқығы жөніндегі халықаралық федерация өкілдері (FIDH) әлем елдерінің үкіметтерін саяси тұтқындар мен құқық қорғаушыларды, денсаулығына қауіп төнген топтарды түрмеден босатуға шақырды, деп хабарлайды sn.kz ақпарат көзі Азаттық радиосына сілтеме жасай отырып.

 Ұйымның 8 сәуір күнгі мәлімдемесінде әлемде тұтқындарды босату бойынша ірі кампанияның басталғаны туралы жазылған. Ұйым өкілдерінің пікірінше, билік оларды босатып, құқық қорғау қызметімен айналысуына мүмкіндік беруі керек.

"Әлемде жүздеген адам қылмыс жасағаны үшін емес, құқық қорғау қызметі үшін түрмеге қамалған. Олар әу бастан-ақ ұсталмауы керек еді" деді ұйым төрағасы Элис Могве.

Мәлімдемеде Мишель Бачелеттің сөзі де келтірілген. Ол "билік көзқарасы үшін немесе өзгеше пікірі үшін қудаланған саяси тұтқындарды босатуы керек" деген. Олардың арасында кәмелетке толмағандар, мигранттар, босқындар, саяси оппоненттер, журналистер, құқық қорғаушылар бар.

Компания веб-сайтында түрмеде отырған ондаған құқық қорғаушының аты-жөні аталған. Олардың арасында қырғыз құқық қорғаушысы Азимжан Аскаров та бар. Ол Қырғызстанның оңтүстігіндегі 2010 жылы болған оқиғаға қатысы бар деген айыппен өмірлік түрме жазасын алған.

Коронавирус індеті әлемге жайыла бастаған кезде бірқатар елдер, олардың арасында Түркия, Бахрейн де бар, түрмедегі адамдардың санын азайту мақсатында тұтқындардың бір бөлігін босатқан. Көптеген елдер терроризммен байланысты қылмысы үшін сотталғандарды тізімге енгізген жоқ. FIDH тізімнің сұрыпталмай жасалғанын, соның кесірінен "терроризм" бойынша айыпталып, қолдан ұйымдастырылған іс бойынша сотталған құқық қорғаушылар абақтыда қалған. Ұйым өкілдері құқық қорғау қызметі терроризм емес екенін алға тартып, түрмедегі барлық құқық қорғаушыларды босатуға шақырған.

0 пікір
Мұрағат