Ғалымдар графитті интерактивті «экранға» айналдыра алды (видео)
Ғалымдар графитті интерактивті «экранға» айналдыра алды (видео)
4 жыл бұрын 2227 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ендігі жерде теледидар "мәзірін" пайдалану үшін басқару пультін қолыңызға алып жатудың қажеттілігі де бола қоймас. Теледидарды қосып-ажырату немесе өзге арнаға ауыстыру, т.б. бағдарламаларды орындау үшін өзіңіз жайғасып отырған диванды сипасаңыз немесе қақсаңыз жетіп жатыр. Я болмаса бөлме жарығын қосу үшін қабырғаға қолыңызды тигізсеңіз немесе жанассаңыз болады. Америкалық MIT ғалымдары SprayableTech сенсорлық технологиясы сізді пультті немесе жарықты қосып-ажыратушы тетікті іздеу әуресінен құтқарады. Бұл бағыттағы жұмыс болашақтағы басқару құралын жобалаудан басталады. Өйткені, мұндай жүйе тек жанасу факторын ғана таниды – яғни, жарықты реттегіңіз келсе, төрт мәнді қабылдауыңызға тура келеді – микробақылаушыға қосылатын төрт нүктені салып, оған жолақ жүргіссеңіз жетіп жатыр. Яғни, микробақылаушыға (микроконтроллер) жанасу арқылы команда (бұйрық) бересіз. Ал суреттің өзі жанасқанда қысқа толқынды электрлік импульс тудыратын арнайы бояумен салынады. Сурет қалауыңызға қарай ашық немесе жасырын, үлкен немесе кіші көлемде салынуы мүмкін. Бұл арада ешқандай шектеу болмайды. Қай тұстан қандай команда бергіңіз келеді, соған лайықтап саласыз. Мәселе, бөгет-тосқауыл сызығын салдыңыз делік, одан аттасаңыз, дабыл қағылады, яғни, сирен үні шығады. Аталмыш технология авторлары суретшілер мен дизайнерлердің көмегімен болашақта бүкіл қаланы интерактивті сәулетке айналдыруға болатынын алға тартып отыр. Осы технология негізінде. Мәселен, саябақтағы орындықтағы жарықты қалауыңызға қарай өзіңіз өзгрете алатын боласыз.

0 пікір
Мұрағат