Жартылай жалаңаш киінген әйелдерге мемлекеттік мекемелерге кіруге тыйым салынды
Жартылай жалаңаш киінген әйелдерге мемлекеттік мекемелерге кіруге тыйым салынды
2 жыл бұрын 1393

Дубай қалалық әкімдігі мемлекеттік мекемелерге жартылай жалаңаш киінген әйелдерді кіргізбеу жөнінде ұсыныс тастады. Яғни, олардың бұл ұсынысы билік тарапынан қолдау тауып, ресми қабылданатын болса, жартылай жалаңаш әйелдер халыққа қызмет көрсету орталығы, денсаулық сақтау, білім беру мекемелеріне кіре алмайтын болады. Бұл жайында «Al Arabiya» ақпарат көзі хабар таратты. Ал мұндай мекемелерге адамдардың күні түсіп тұратынын ескерсек, бұл шара өз кезегінде әйелдерді шариғат талаптарына сай киінуге тәрбиелеуге бастайтын болады. Қала әкімдігінің мұндай қадамға баруына тұрғындар тарапынан түскен арыз-шағымдар себепкер болған. Шағымданушылардың сөзіне қарағанда, жартылай жалаңаш киініп келген әйелдер қызметкер ер адамның назарын өзіне аударып, сол себепті, тұрғындардың көп уақытын алатын көрінеді. Мемлекеттік мекемелерге бас сұққысы келетін жартылай жалаңаш киініп келген әйелдерге ұзын етек көйлек беріледі.

0 пікір