Физиктер «қатты» жарыққа қалай қол жеткізді?
Физиктер «қатты» жарыққа қалай қол жеткізді?
2 жыл бұрын 876

Принстон университетінің ғалымдары жарыққа қатысты қызықты тәжірибені жүзеге асырды. Жарықтың көз ілеспес жылдамдығын қадағалаудың орнына олар оны кристалға айналдырып, тоқтатуға, яғни, ұстап қалуға бел буды. Бұл арада ғалымдар жарықты кристалға «орналастырды» дегеннен гөрі одан кристал жасады деген әлдеқайда шындыққа келеді. Бұл процесті олар қалай жүзеге асырды? Ғалымдар жарықтың бір бөлшегін (фотонын) бір нүктеге бағыттап, оны сол сәтте «қатырып» тастады. Бұрын мұндай тәжірибе жасалмағандықтан осыған орай ғалымдардың бұл жолғы зерттеуі бірегей, бірегей дейміз-ау, өзгеше таңқалаларлық ерекшелігі бар мүлдем жаңа экзотикалық материалды жасаудың алғышартына айналуы ықтимал. Ғалымдар аталмыш тәжірибе үшін алдымен 100 млрд атомды (өздігімен жасанды жолмен қозғалатын тәсілге келтіріп) қамтыған өткізу қабілеті өте жоғары материалдан арнайы құрылғы ойлап тапты. Осыдан кейін «жасанды» атомды құрамында фотоны бар өткізу қабілеті аса жоғары өткізу сымының жанына орналастырды. Кванттық механика заңына сәйкес сымдағы фотон жанындағы атомдардың бірқатар ерекшелігін өзіне сіңіріп алған. Әдетте фотондар бір-бірімен тікелей өзара әрекетке бармағанымен бұл жағдайда олар өзара байланысып, өздерін бөлшек секілді «ұстады». Осы тәжрибені жүзеге асыруғаге қатысқан ғалымдардың бірі Дариус Садри: «Біз фотонды өзара ықпаалдасуы үшін атомдар мен фотондарды араластыру тәсілін қолдандық. Осы өзара әрекеттесу нәтижесінде конденсирлік ортада физиктер зерделейтін сұйықтық пен кристалл секілді материя фазасына жақын жарыққа арналған жаңа құрылымдар пайда болды», - деді. Нәтижесінде ғалымдар фотондар «қатырылған» күйінде кеңістікте сақталатын қатты жарықты алуға қол жеткізді. Алынған кристал әзірге өте кішкентай, алайда, ғалымдар бұл жүйенің кәдімгі кристал секілді өсе бастайтынынан үміт етіп отыр. Соның негізінде олар бастан-аяқ жарықтан тұратын супер сұйықтық немесе оқшаулау материалы секілді жаңа материалдарға қол жеткізетініне сенім артып отыр. 

0 пікір