Тунисте ана сүтінің аса қауіпті екені анықталды
Тунисте ана сүтінің аса қауіпті екені анықталды
2 жыл бұрын 1192

Бүкіл әлемде ана сүтінен артық қорек жоқ нәресте үшін. Алайда, Тунисте керісінше жағдай орын алған. Бұл елдегі ана сүті шарана үшін аса қауіпті қорек болып табылады. Жуырда Environmental Research журналында жарық көрген зерттеу нәтижесі ғалымдарды алаңдатып отыр. Тунистік аналардың сүтінен пайдалануға тыйым салынған химикаттар концентрациясы байқалған. Әсіресе, ауылдық жердегі аналардың сүтінен қатты байқалған. Нақтырақ айтқанда, ғалымдар Тунистің он екі ауданының 237 тұрғынының ана сүтінің құрамында  полихлорбифенил, органохлорин және өзге де аса қауіпті заттардың концентрациясы барын анықтаған болатын. Ана сүтінің құрамында қауіпті заттар концентрациясының пайда болуына пестицидпен тыңайтылған шөппен қоректенген малдың сүті мен етін ұдайы пайдалану себеп болған.

0 пікір