Еуропадағы нұрлы орындар
Еуропадағы нұрлы орындар
2 жыл бұрын 849

Словениядағы ислам орталығы

Осы аптада Словения мұсылман жамағаты Есеница қаласында ислами білім беру орталығын ресми түрде және салтанатты жағдайда ашты. Оның жөндеу жұмыстары мен құрал-жабдықтарына мұсылмандар 1 000 000 еуро қаржы жұмсады. Осынау оқу ордасында 25 адамға шақталған 2 аудитория мен бөлме бар. Сондай-ақ, онда халал мейрамхана орналасқан. Мұсылман жетекшілерінің айтуынша, бұл орталықта тек мұсылмандарға ғана емес, сонымен қатар, тілек білдірген наным-сенімі өзге тұрғындарға да ислам жайында мағлұмат беріліп, араб тілі оқытылады. 

 

Ұлыбританиядағы мега мешіт

Британияның Дадли қаласының мұсылман жамағаты жеті жылға созылған айтыс-тартыстан соң аса ірі мешіттің құрылысын бастауға рұқсат алды. Дадли қалалық кеңесі «мега мешітке» қатысты өткен дауыс беруде 5:3 есебімен мұсылмандар пайдасына шешім шығарды. Бұл жайында Birmingham Mail ақпарат көзі хабар таратты. Дадли қалалық кеңесі ең алғаш рет 2007 жылы бұл жобаны құптамаған еді. Қала халқы да оң қабақ таныта қоймаған болатын... Мега мешітте екі қабатты автотұрақ, спорт залы, оқу-ағарту орталығы болады. Мега мешіт мұнарасының биіктігі 19 метрге жобаланып отыр. Исламофобия өршіп тұрған кәрі құрлықта мешіт мұнарасының осыншама биік салынуы да үлкен жетістік болып саналады.

0 пікір