Сиыр етінің орнына доңыз етін сатып келген қылмыскер анықталды
Сиыр етінің орнына доңыз етін сатып келген қылмыскер анықталды
2 жыл бұрын 1769

Швейцарияның Цюрих қаласында бір ет сатушы мұсылмандарға 3 жыл бойы 3 тонна сиыр етінің орнына шошқа етін сатып келген. Яғни, мұсылман тұтынушыларын алдап келгені санитарлық бақылау кезінде әшкере болды. Бұл жайында Mad World News ақпарат көзі хабар таратты. Оқиғаның мән-жайы былай болған: инспектор сөредегі ет сортының өз бағасына сәйкес келмейтініне назар аударған. Тереңірек тексере келгенде доңыз етінің сиыр еті бағасымен сатылғаны анықталған. Сатушы елді алдап келгенін мойындады. Бұл елде сиыр еті шошқа етіне қарағанда әлдеқайда қымбат тұрады. Ет сатушының осынша уақыт аралығында қанша пайда тапқаны айтылмағанымен оның алты айға абақтыға жабылғаны және оған 18000 доллар сомасында айыппұл салынғаны белгілі болды.

1 пікір