Еуропада ерекше мешіт ашылды (видео)
Еуропада ерекше мешіт ашылды (видео)
7 жыл бұрын 16664 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Германияның Кельн қаласында елде жоқ ерекше мешіт ашылды (DITIB-Zentralmoschee Köln ,  Merkez-Cami). Сәулеті өзгеше сымбатты мешіттің аумағы 4500 шаршы метр, бір мезгілде 2 мыңнан 4 мың адамға дейін намаз оқи алады. Мейрамханасы, кітапханасы, музейі, т.б. бар мұсылмандардың бұл құлшылық үйінің құрылысына 40 млн доллар жұмсалған. Бұл қомақты қаржыны Түркияның мемлекеттік дін істері басқармасы (Diyanet İşleri Türk) бөлді, сондай-ақ, банктер есебінен және 884 мұсылмандар қауымдастығының садақасы жұмсалды. Аталған ғибадат ғимаратында османлы дәуіріне тән сәулеті қолданылған. Күмбезі шыныдан, 55 метрге жететін екі мұнарасы бар. Бұл жобаның сәулетшісі шіркеу құрылысын сызуға дағдыланған Пауль Бём. Айта кетейік, бұл мешіт тек Германияда емес, сонымен бірге, күллі кәрі құрлықтағы ең үлкен құлшылық үйі болып табылады.

 

0 пікір
Мұрағат