"Facebook-ты мұсылмандар жаулап алған"
|
"Буддалық бин Ладен" аталып кеткен будда монахы Виратху Facebook әлеуметік желісінде мұсылмандарға бірнеше рет тіл тигізгені үшін аталған әлеуметтік желінің әкімшілігі исламофоб радикалдың аккаунтын жауып тастады. Мьянмалық монах аталған әлеуметтік желіде 30 күн бойы мұсылмандарды қаралайтын коммент жариялап келген. Толеранттылыққа қайшы жазбалары ақыры оны Facebook әлеуметтік желісінен алыстатты. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Ал аталған әлеуметтік желі әкімшілігінің өзіне қатысты бұл шарасын мұсылмандарға жала жауып түсіндірген болды: "Мен ендігі жерде өз аккаунтымды пайдалана алмаймын. Өйткені, Facebook командасын мұсылмандар жаулап алған". Ол бұл видео-үндеуін өзге өзге біреудің аккаунтынан жариялапты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
BionicBee робот аралары үйір құруды үйренді (фото+видео)
■
SiMaxx аккумуляторлы кеудешелер болашақ сарбаздарын екі есе энергия қорымен қамтамасыз етеді (видео)
■
Корея мұсылман туристерге арналған инфрақұрылымды қолға алмақ
■
Орта Азия елі сиқырлық пен балгерлікке қылмыстық жауапкершілік енгізді
■
Күн энергиясы бойынша көш бастаған елдер анықталды