Есі ауысқандар көтерілісі
Есі ауысқандар көтерілісі
8 жыл бұрын 3303

Канадада Торонто қаласындағы әскери комиссиаратта сарбаздарға шабуылдаған Айянли Хассан Али есімді осы елдің 27 жастағы азаматына айып тағылды. Сырт келбеті сомалилікке келетін қылмыскер қолындағы кездігімен әскери комиссиарат ғимаратына баса-көктеп кіріп, екі сарбазды жаралаған. Бұл жайында «islamnews.ru» порталы «National Post» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Ол бұл ессіз әрекетін «Алла маған осыны істеуге бұйырды. Алла осында келіп, адамдарды өлтіруге әмір етті», - деп ақталды. Джорджа Вашингтон атындағы университеттің ғылыми қызметкері Амарнатха Амарасингаманың айтуынша, Али шизофрениямен ауырады. Соңғы бес жыл бойы аталған дерттен зардап шегіп келеді. Жуырда ғана Мәскеу қаласының қақ ортасында баланың кесілген басын қолына ұстап, «Алла осылай бұйырды» деп айғайлаған Гүлшеһра Бобоқұлова есімді өзбекстандық әйелдің де артынан есі ауысқаны белгілі болған. Әлем жұртшылығын шошытқан бұл қылмыстың төркінінде батыстағы исламофобиялық құбылыстың кері әсері жатқанын да жоққа шығармайды сарапшылар. 

0 пікір
Мұрағат