Алматыда балаларды құлшылыққа тартқан діни бірлестік басшысы жауапқа тартылды
Алматыда балаларды құлшылыққа тартқан діни бірлестік басшысы жауапқа тартылды
8 жыл бұрын 3148 ҚазАқпарат

Алматыда құлшылыққа балаларды тартты деген айыппен діни бірлестік басшысы жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, «Иегова куәгерлерінің Христиан жамағаты» діни бірлестігінің жетекшісі 10-13 жастағы 4 жасөспірімді олардың бірінің ата-анасының қарсылығына қарамастан құлшылыққа тартқан. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамады.

Алматы ауданаралық әкімшілік істер бойынша мамандандырылған сотының судьясы құқық бұзушыны ҚР ӘқК 490-бабының 7-тармағы бойынша айыпты деп тауып, 50 АЕК мөлшерінде (106 050 теңге) айыппұл төлеуге мәжбүрледі.

0 пікір
Мұрағат