Дубай әміршісі Рамазан айының құрметіне 892 тұтқынға рақымшылық жасады
|
Біріккен Араб Әмірліктерінің премьер-министрі әрі Дубай әміршісі, шейх Мұхаммед бен Рашид әл- Мақтұм қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 892 тұтқынға рақымшылық жасады. Рақымшылыққа іліккендер арасында осы елдің азаматтарымен қатар түрлі қылмыс істеп, жазасын өтеп жатқан шетелдіктер де бар. Бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті әрі Әбу-Даби әміршісі, шейх Халифа бен Заед әл-Нахаян да 969 тұтқынға қатысты рақымшылық жөніндегі жарлыққа қол қойған болатын. Тұтастай алғанда, Біріккен Араб Әмрліктерінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай екі мыңнан аса тұтқынға рақымшылық жасалған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ВИЗАСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАТЫСТЫ САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
■
Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
■
Миллиардер өзінің цифрлы АІ сыңарынан сұхбат алды (видео)
■
Саудиялық студент Apple байқауының үш жеңімпазының бірі болды
■
Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады