Құрма тапшылығы орын алуы мүмкін
Құрма тапшылығы орын алуы мүмкін
10 жыл бұрын 7167

Көп ұзамай құрма тапшылығы орын алуы мүмкін. Бұған Сауд Арабиясындағы шетелдік жұмысшыларды депортациялау жөніндегі бағдарламасы себеп болмақ. Сауд Арабиясында жергілікті тұрғындар ауыл шаруашылығында қара жұмыс істегісі келмейді. Шетелдіктерді жалдағанды қолай көреді. Сауд Арабиясының аумағына шетелдіктердің енуі оңай-оспақ шаруа емес. Десе де, ел билігі шетелдік жұмысшы күшін тартуға рұқсат берді. Бірақ, Рамазан айынан кейін. Ал рамазан айында құрманың үлкен сұранысқа ие болатынын ескерсек, бұл айда құрма тапшылығы орын алуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат