Дейін және кейін: Әлемге әйгілі мешіттің құрылысы (ФОТО)
|
Біріккен араб Әмірлігінің астанасы Абу-Даби қаласындағы шейх Зайд мешіті – әлемдегі ірі мешіттердің бірі. Араб Әмірлігінің негізін қалаған шейх Зайд ибн Султан ән-Нахайян құрметіне салынған бұл құлшылық ордасы 2007-жылдың Рамазан айынан бастап халыққа қызмет етіп келеді.
Құлшылық ордасының алып жатқан аумағы бес футбол алаңына тең келеді. қабырғаларындағы өрнектер мен әшекейлер таза алтыннан жасалған. Жалпы шығыны 2 000 000 000 дирхамды құраған.
Бұл мешіт туралы бастама сонау сексенінші жылдардың соңында пайда болған. Алайда, соңғы әрі нақты жоспарлар тек тоқсаныншы жылдардың орта шенінен бастап қолға алына бастаған.
Құлшылық ордасының құрылыс жұмыстары 11- жылға жуық жүргізілді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
ВИЗАСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУҒА ҚАТЫСТЫ САУД АРАБИЯСЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҰМРА МИНИСТРЛІГІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ
■
Араб дәрігерлері туабітті соқыр нәрестенің көру қабілетін қалпына келтірді
■
Миллиардер өзінің цифрлы АІ сыңарынан сұхбат алды (видео)
■
Саудиялық студент Apple байқауының үш жеңімпазының бірі болды
■
Невропатолог ауырсынудың ең ауыр түрін атады