Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту күні мерекеленеді
Бүгін елімізде алғаш рет Алғыс айту күні мерекеленеді
8 жыл бұрын 4717

Бүгін, 1 наурыз – елімізде Алғыс айту күні. Мемлекет басшысы биылғы жылдың 14 ақпанында тиісті Жарлыққа қол қойды. Оның үстіне дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған. Бұл дата қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын дәлелі. Елімізде алғаш рет аталып өткелі отырған мереке көпұлтты халқымыздың ынтымағын арттырып, баршамызға ортақ ел мен жерді сүйіп, құрметтеуге серпін бермек. Олай болса, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мерейлі мереке құтты болсын!

 

1 пікір
  • Барша мұсылман еліне,барша Қазақстандықтарға алғыс айтамын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Мереке құтты болсын!
    8 жыл бұрын
Мұрағат