Араб шейхы 8-сыныптағы қазақ қызына грант тапсырды
Араб шейхы 8-сыныптағы қазақ қызына грант тапсырды
8 жыл бұрын 4919 tengrinews.kz

Ата-анасы Әбу-Даби қаласында жұмыс істейтін 8 сынып оқушысы Сайора Шотпақова мектепте оқу грантын жеңіп алды. Қандасымызға грантты Біріккен Араб Әмірлігінің мәдениет, жастар істері мен қоғамдық даму жөніндегі министр Наһайян ибн Мүбарак әл-Наһайянның өзі тапсырды. Бұл жайында Сайораның әкесі Аслан Шотпақов хабарлады. Ағартушылық бағыттағы "GEMS Education» қорының құрамына 37 мектеп кіреді. Аталған қор мекемесі грантты әйелдер құқығы үшін күресіп өткен БАӘ-нің тұңғыш президентінің әйелі Фатима бинт Мүбәрактың құрметіне мектеп оқушыларына тапсырады. Бұл грнат әр мектептен тек бір оқушыға ғана тапсырылады. Грант алу үшін алдымен оқушылар арасында қатаң іріктейтін комиссияның сынынан өтуі тиіс. «Грант төрт санат бойынша беріледі: академиялық жетістігі, табиғатты аялауға және қоршаған ортаны қорғауға қосқан үлесі, қоғамға тигізген пайдасы (мәселен, кедейлерге қолұшын созуы, т.б.), сондай-ақ, адамзатқа үлгі болуы қаперге алынады. Сайораға ерекше жеңілдік жасалған. Ол грантты иеленгендер арасындағы ең жасы. Әкесінің айтуынша, қызы сегізінші сыныпта оқиды. Қызы грантты өткен жылы жеңіп алған екен. Алайда, грант жуырда ғана тапсырылған. Әкесі қызы туралы айта келіп: «Ол мектеп қабырғасында қоқысты қайта өңдеу, күн және қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану жобаларына белсене қатысып келеді. Сайора өзінің ойыншықтары мен кітаптарын сатып, сатудан түскен қаражатын Таяу Шығыс пен Африканың кедей елдеріне көмек ретінде Қызыл айшық қоғамының шотына аудырып отырды», - деді.

1 пікір
  • 8 жастағы емес 8-сыныптағы сияқты ғой.
    Қызық қызына емес қазақ қызына емес пе?
    8 жыл бұрын
Мұрағат