Швецияда мешітті өртеген ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды
Швецияда мешітті өртеген ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды
8 жыл бұрын 2290 inform.kz

Швецияның оңтүстік-батысында ер адам мешітті өртеп жібергені үшін үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, деп хабарлады сәрсенбі күні батыс БАҚ-тары.

«17 қаңтарда таңертең Андреас Перссон Бурос қаласында банкіге толтыра жанармай құйып, оны қалалық мешітті өртеу үшін пайдаланды», - делінген сот қаулысында.

Өрт сөндірушілер жалынды тез сөндірді, алайда мешіт ғимараты қатты бүлінді, енді онда жазға дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Тергеу Перссонның бұған дейін бірнеше ай бұрын есірткінің заңсыз айналымы мен ұрлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғанын анықтады. 

0 пікір
Мұрағат