Араб жерінде әлемдегі ең ірі фестивал өтеді. Бас жүлде - 66 млн доллар!
Араб жерінде әлемдегі ең ірі фестивал өтеді. Бас жүлде - 66 млн доллар!
2 жыл бұрын 3717 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудиялықтар түйелердің әлемдегі ең ірі фестиваліне осымен алтыншы жыл дайындалып жатыр. Бұл жайында islam.kz порталы islam.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Күллі әлемнің әр түкпірінен меймандар ағылып келетін аталмыш шараға қатысуға өтініш бере алады. SPA дерегінше, Парсы шығанағының, АҚШ-тың, Францияның, Ресейдің және Саудияның түйе қожайындары жиналады. Корол Әбдіәзіз түйелерінің фестивалі жыл сайын өтетін халықаралық, экономикалық, спорттық және сауықтық шара. Бұл шараны Saudi Camel Club ұйымы ұйымдастырады. Биыл фестивалге шамамен 33 мың түйе қатысуы мүмкін. Төрт түлік төресінің қарым-қабілеті сынға түсетін осынау шараны күніне 100 мың адам келіп тамашалайды. Саудиялық түйе клубы аталмыш шараға қатысуға ниет білдіргендердің өтінішін қараша айының 16-на дейін қабылдайды. Клубтың іріктеуінен өткендер 19 санат бойынша жарысқа түседі. Бас жүлде қоры – 250 млн саудиялық рупи (66 млн доллар). Мұндай шара Саудияның туристік әлеуетін арттырып, елдің мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға мүмкіндік бермек. 

0 пікір
Мұрағат