Кремл тәліптердің мәртебесін біртіндеп өзгертуге көшті
Кремл тәліптердің мәртебесін біртіндеп өзгертуге көшті
3 жыл бұрын 1738 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясындағы ең ықпалды «Ресей бүгінде» («Россия сегодня» (Жаңалықтар ресейлік ақпарат агенттігі, Sputnik) халықаралық ақпарат агенттіктігі «Талибан» * (РФ-да тыйым салынған) деп атауды қойды. Бұл бағыттағы директивалық хат қараша айының 8-і күні «Ресей бүгінде» халықаралық ақпарат агенттігінің барлық қызметкеріне жолданды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Телеграмдағы «Осторожно, новости» арнасына жөн сілтеген golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Мәтінде қалай берілуі керектігі көрсетілген: «* Ресейде тыйым салынған террористік ұйым» деудің орнына «* Террористік қызметі үшін Біріккен Ұлттар Ұйымы санкция салған ұйым» деп жазу ұйғарылған. Десе де тәліптер радикалды қозғалысы (Қазақстан республикасының аумағында қызметі мен насихатына тыйым салынған -* ред.) Ресей Федерациясының Жоғарғы сотының бірыңғай федералды тізімде террористік ұйым ретінде тұр. РФ Жоғарғы соты тәліптер радикалды қозғалысын 2003 жылы террористік ұйым ретінде ресми таныған болатын. Естеріңізде болса, тәліптер Ауғанстанның билік басына келгенде, дәлірегі, осыдан аттай 4 ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Тәліптер билігін алдымен Ресей ресми мойындауы мүмкін" (қараңыз: https://islam.kz/kk/news/alem/talipter-biligin-aldymen-resei-resmi-moiyndauy-mumkin-15477/#gsc.tab=0) сараптамалық шолу материалымызда Кремлдің әлемде алғашқы болып тәліптер радикалды қозғалысын мойындауы мүмкін екенін жазғанбыз. Сол болжамымыз расқа айналатын түрі бар. Кремл іргесіндегі елден келетін қауіпті жұмсарту әрі өзге де прагматикалық ұстаным бойынша тәліптерді мойындауы мүмкін екенін айта кетпекпіз. Бұдан бөлек, осы жылдың қазан айының 21-і күні өткен «Валдай» пікірталас клубының сессиясында РФ президенті Владимир Путин «Талибанды» террористік ұйым қатарынан шығару бағытында жұмыс істейтінін айтып қалған болатын. Алайда, мұндай қадамды (тәліптер радикалды қозғалысы билігінің заңдылығын мойындау) ең алдымен БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі жасауы тиіс – 1999 жылдың қазан айында тәліптер радикалды қозғалысын террористерге дем беруші ретінде танитын әрі санкция салатын 1267 қарарын қабылдаған болатын. Оның үстіне, тәліптер билік басына келгелі бірнеше ай өтті, алайда, әлем қауымдастығы, дәлірегі, бірде-бір ел әлі күнге олардың билігінің заңдылығын ресми мойындаған жоқ. Дегенмен Кремлдің әрекетіне қарап, сең қозғалғанын байқауға болады. 

0 пікір
Мұрағат