Алматыда халықаралық конференция өтуде (ФОТО)
Алматыда халықаралық конференция өтуде (ФОТО)
9 жыл бұрын 2694 muslim.kz

Бүгін Алматыда «Алматы - 2015 жылғы Ислам мәдениеті астанасы» халықаралық конференциясы басталды. Іс шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты, Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтуде.

Шараға ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедияров, қала әкімі Ахметжан Есімов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Ислам ынтымақтастық ұйымына кіретін елдердің мәдениет министрлері қатысты.

Халықаралық конференцияның ашылу салтанатында сөз сөйлеген наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрғасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғысын жеткізіп: «Алматы – мәдениетіміз бен әдебиетіміздің, дініміз бен руханиятымыздың ордасы. Алатаудың баурайындағы руханиятымыздың шамшырағы саналған әсем шаһарымыз Алматыға Ислам мәдениетінің 2015 жылғы астанасы мәртебесін беру – мұсылмандығымыздың тағы бір жарқын көрінісі», – деді.

Конференция барысында 100-ден аса халықаралық сарапшылар, әлемнің 15 елінен келген саясаттанушылар мен ғалымдар ИЫҰ аясындағы халықаралық интеграциялық процесстерді талқылайды. Ислам әлемі елдерінің тарихы мен мәдениетін зерттеу саласындағы хал-ахуал талқыланып, жан-жақты мәдени ынтымақтастықтың болашақ жоспарлары қарастырылады.

0 пікір
Мұрағат