Ғалымдар әжімді кетіретін шоколад ойлап тапты
Ғалымдар әжімді кетіретін шоколад ойлап тапты
2 жыл бұрын 644

Әлемге әйгілі Кембридж университетінің ғалымдары әжімдердің түзілуін баяулататын шоколад ойлап тапты.

Аталған шоколад адам ағзасындағы антиоксидант концентрациясын көбейту және қан айналым жүйесін интенсивтендіру арқылы әжімдердің түзілуі мен терінің салбырауын баяулатады екен. Lycotec компаниясы арқан балық (лосось) филесінде қанша антиоксидант болса, салмағы 7,5 грамдық Esthechoc шоколад тақтасында сонша антиоксидант болатындығын және бос радикалдармен күресетін какао полифенолы бар екендігін мәлімдеді. Еріктілер шоколадты бір ай бойы күнделікті қолданғаннан кейін олардың қан айналымы едәуір жақсарған. Клиникалық сынақтар аяқталғаннан кейін 50-60 жастағы еріктілердің терісі 20-30 жастағы адамның терісіндей жасарған. Алайда, Esthechoc-тың кең ауқымды сатылымға шығуы екіталай. Сондай-ақ, оның бағасы да әлі жарияланған жоқ.

0 пікір